25 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар 1,06 теңге арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 0,23% төмендеп, 458,37 теңге болды. Еуро 0,32% арзандап, 501,64 теңгеге түсті.
Басқа валюталармен салыстырғанда рубль көбірек арзандады. Оның бағамы 0,72% төмендеп, 5,5686 теңге болды. Юань 0,33% арзандап, 68,6742 теңгеге дейін түсті.
Контекст
Бір күн бұрын доллар 4,34 теңге қымбаттап, 460 теңгелік межеге жақындаған еді. Еуро бағамы 500 теңгеден асты.
Бүгін арзандағанына қарамастан, доллардың бағамы бір апта бұрынғы көрсеткіштен әлі де жоғары. 18 қарашадан бері АҚШ валютасы 14,12 теңгеге қымбаттады.