×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

ЕҚЫҰ қатыспайды: Қазақстандағы АЭС референдумын қанша ұйым мен ел бақылайды

01.10.2024, 15:55
ЕҚЫҰ қатыспайды: Қазақстандағы АЭС референдумын қанша ұйым мен ел бақылайды
Ulysmedia

АЭС құрылысына қатысты референдумды әлемнің 30 елінің байқаушысы қадағалайды. Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның сөзінше, 3 қыркүйекте қабылданған қаулы негізінде аккредитация 2024 жылдығ 30 қыркүйегінде, Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша, барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өткен. 30 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымның өкілі бар. Сыртқы істер министрлігі байқауға 5 ірі халықаралық ұйымға, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросына, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Түркі мемлекеттерінің ұйымына және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске шақыру жолданған. 

ЕҚЫҰ тарапынан байқаушы болмайды.  Өйткені,  ұйымның алдағы айларға жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралары көп. Сондықтан Қазақстанға миссия жібере алмайды. 

“Байқауға қатысатын халықаралық ұйымдардың қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар.  Жалпы республикалық референдумға 30 шет мемлекеттің өкілдері қатысады. Олардың ішінде ерекше атап өтетін, 4 орталық сайлау органының төрағалары келеді.  Олар: Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов, Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко, Тәжікстан Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода, Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зийниддин Низамходжаев»,  -  деді Мұхтар Ерман.

РЕФЕРЕНДУМ

Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді. 

EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.