×
$
440.86
€
500.77
₽
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
440.86
€
500.77
₽
5.27

Тоқаев Атом энергиясы агенттігі басшысының орынбасарын қызметінен босатты

Бүгін, 10:17
Тоқаев Атом энергиясы агенттігі басшысының орынбасарын қызметінен босатты
gov.kz

Ғұмар Серғазин бұл қызметті бір жарым жыл атқарды. Бұған дейін ол АЭС құрылысына дайындық жұмыстарын үйлестіруге жауапты болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы агенттігі басшысының орынбасары қызметіне 2025 жылдың сәуірінде тағайындалған. Оған дейін Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарды.

Шенеунік атом саласында 2014 жылдан бері жұмыс істеген. Сол жылы Атом және энергетикалық қадағалау комитетіне келген.

Серғазин Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша негізгі спикерлердің бірі болды. Ол референдум қарсаңындағы қоғамдық талқылауларға қатысып, өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді және ведомствоның атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұстанымын қорғады.

Оны қызметінен босату себебі әзірше айтылған жоқ. Оның орнына кім тағайындалатыны да белгісіз.

Контекст

Бұған дейін Ғұмар Серғазин болашақ АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтарды Семей полигоны аумағында көму жоспарланып отырғанын айтқан. Оның мәліметінше, екі реактордан шамамен 50 текше метр қалдық шығуы мүмкін.

2026 жылы Ұлттық ядролық орталық радиоактивті қалдықтарды көму пунктін құру үшін далалық жұмыстарды бастады.