×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

"Түркі әлемі күшейіп келеді" - әлемдік БАҚ Ресей ықпалы туралы не дейді

01.10.2024, 21:10
"Түркі әлемі күшейіп келеді" - әлемдік БАҚ Ресей ықпалы туралы не дейді
Ашық дереккөзден

Батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, Түркияның Орталық Азиядағы рөлі күшейіп келеді және бұл жағдай Ресейдің аймақтағы ықпалына қарсы салмақ ретінде қарастырылуда. Economist басылымы Түркия мен Орталық Азия арасындағы жақындасуға назар аударып, Түркі мемлекеттері ұйымының осы ықпалды теңестіруге бағытталғанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ

Астанада өткен Көшпенділер ойындарына 89 елдің өкілдері қатысты, бұл ойындар түркі жобасы ретінде қарастырылады. Басылым атап өткендей, кең түркі әлемі Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанды қамтиды және Ресей мен Қытайдағы түркітілдес халықтарды да қосады.

ӘЛІПБИ МЕН ЖОЛБАРЫС

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы айтатын болсақ, бұл қадам деколонизация және түркі елдерімен жақындасу жолындағы маңызды бастама ретінде қарастырылады. Бұл өзгеріс түркі әлемімен мәдени және тілдік байланыстарды нығайтуға ықпал етуі мүмкін.

Сондай-ақ, қазақ даласына 70 жыл бұрын жойылып кеткен тұран жолбарысын қайтару бағдарламасы қолға алынуда. Бұл жобалар Қазақстанның тәуелсіз мәдениетін күшейту және түркі әлемімен байланыстарын нығайтуға бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі ретінде көрінеді.

“ECONOMIST” БҮЙ ДЕЙДІ...

Economist басылымының хабарлауынша, түркі әлемінің ортақ бірегейлік идеясы қайта жанданып келеді. Бұл идея кезінде Кеңестер Одағын, ал қазір Ресей мен Қытайды алаңдатса, қазіргі уақытта қайта күшейіп, түркі халықтары арасындағы байланыстарды нығайтатын факторға айналды. Соңғы Астанада өткен Көшпенділер ойындары осы өсіп келе жатқан түркі бірегейлігінің бір белгісі ретінде аталады.

Тағы бір маңызды көрсеткіш – Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) ықпалының артуы. Economist бұл ұйымды білім беру, сыртқы саясат сияқты әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың құралы ретінде сипаттайды. Ұйымның рөлі, әсіресе, Ресейдің аймақтағы үстемдігі басым басқа ұйымдардың әсерін теңестіруде маңызды болып отыр.

Гарвард университетінің профессоры Наргис Касенова атап өткендей, ТМҰ-ға мүше елдер Ресейден белгілі бір қашықтықты сақтап, өз позицияларын нығайтуға тырысуда.

«Жалпы түркілік бірегейлік идеясы, бір кездері Кеңес Одағын, қазір Ресей мен Қытайды үрейлендірген, қайтадан күшейіп келеді. Көшпенділер ойындары – осының бір белгісі», – деп жазады Economist.

ТМҰ-дағы негізгі күш ретінде Түркияның рөлі ерекше айқын көрінеді. Анкараның ТМҰ елдерімен сауда айналымы 2015 жылдан бері екі есеге артып, өткен жылы 12,6 миллиард долларға жетті. Көшпенділер ойындарына қатысқан түрік командасы жылы қабылданып, Түркия президентінің ұлы Білал Ердоғанның сөзі үлкен қошеметке ие болды. Economist мәліметінше, Батыста сынға ұшырап жүрген Режеп Тайип Ердоған Орталық Азияда үлкен құрметке ие.