×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасады

01.10.2024, 22:20
Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасады
Ulysmedia/ЖИ

Иран Израильге бағыттап зымырандарын ұшырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РАКЕТА ҰШЫРЫЛДЫ

Израильдің барлық территориясында әуе дабылының сигналдары естіліп жатыр.

Израиль армиясы ел азаматтарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеп, нұсқауларды сақтауды сұрады.

ДАУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Иран алғаш рет тікелей 2024 жылы сәуір айында өзінің территориясынан Израильге шабуыл жасады. Сол кезеңде Израильге 300-ден астам дрон мен зымыран жіберді, олардың 99%-ы қағып түсірілді. Сәуірдегі шабуылға «Хезболла» қозғалысы да қатысты, ол Голан таулы аймақтарына соққы жасады.

Шабуылдың себептері 1 сәуірде Дамаск қаласындағы Иран консулдығына жасалған шабуыл делінеді. Осының салдарынан Ислам революциясының сақшылар корпусы (КСИР) құрамында жеті адам, оның ішінде «Құдс» арнайы бөлімшесінің командирі генерал Мохаммад Реза Захеди мен генерал Мохаммад Хади Хаджи Рахими қаза тапты.

КЕК АЛУ АКЦИЯСЫ

Тегеран бұл шабуылды Израильдің әрекеті деп атап, бұрын-соңды болмаған кек алу акциясын жариялады.