×
480.11
532.25
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.11
532.25
5.14

«Авариядан құдай сақтасын»: Ардақ Назаров АЭС жайлы көзқарасын айтты

Бүгін, 13:35
«Авариядан құдай сақтасын»: Ардақ Назаров АЭС жайлы көзқарасын айтты
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Қазақстанда АЭС құрылысына көзқарасы қалай екенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі депутаттан АЭС құрылысына байланысты көзқарасын сұраған. Депутат қолдайтынын айтады.

– Қазір мамандар жақсы баға беріп жатыр ғой. Соған байланысты болады Құдай қаласа. Дамыған мемлекет ретінде болашақта бәрібір керек болады ғой. Қазір әлемнің бәрі бәрібір атом энергетикасына келіп жатыр ғой. Болашақта бәрібір саламыз. Сондықтан менің ойым – дұрыс деп ойлаймын, – дейді ол.

“Қалай дауыс бересіз?” деген сұраққа ол “иә, қолдаймын” деп жауап берді.

“Кейбір адамдар АЭС-салу керек емес дейді? Бұған не дейсіз? деген сұраққа Ардақ Назаров “пышақтың екі жағы сияқты әртүрлі пікір болады. Сондықтан, ғалымдар көбі қолдап жатыр. Кейбір адамдар қарсы шығып жатыр. Бәрібір ерте ме, кеш пе біз бұған келеміз. Өйткені мұнай да, көмір де бітеді” деді. Ал “Ресей салса одан ары тәуелді боламыз деп ойламайсыз ба?” деген сұраққа берген жауабында уайымдамауға шақырды.

– Бұл жерде саяси шешім қабылданады. Президент бар. Басқа адамдар. Сондықтан, уайымдайтын дәнеңе жоқ деп ойлаймын. Бұл бәрібір келетін нәрсе. Сондықтан, бүгін дұрыс шешім қабылдау керек, – дейді ол.

“Авариядан қорықпайсыз ба?” деп те сұрақ қойылған.

– Авария деген кез келген нәрседе болады ғой. Құдай сақтасын. Елімді жақсы көретін адам ретінде менің ойым – елге пайдалы болса екен деген арман ғана. Қай жағы дұрыс, елге не пайдалы – сол маған жағады. Сондықтан еліме пайдалы нәрсені мен қолдаймын, – деп сөзін түйді Ардақ Назаров.

 РЕФЕРЕНДУМ

Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді. 

EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.