×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Израиль, Иран, Ливанда қазір қанша қазақстандық бар? СІМ ескерту жариялады

02.10.2024, 15:56
Израиль, Иран, Ливанда қазір қанша қазақстандық бар? СІМ ескерту жариялады
СІМ

Сыртқы істер министрлігі Таяу шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАНЫМЫ

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Таяу Шығыстағы келіспеушілікті реттеуде БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттардың шеңберінде тек қана саяси-дипломатиялық жолмен жедел шаралар қабылдаудың маңызын атап өтетінін жеткізді.

ЕЛШІЛІКТЕР ҚЫЗМЕТІ

Оның сөзінде бүгінде Ливан, Израиль Ирандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс арналары құрылып, олармен тұрақты байланыс сақталуда. Елдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті ұсыныстар берілмек. Айбек Смадияров аталған елдердегі Қазақстан елшілігі ел азаматтарына қақатығыс болып жатқан мемлекеттерден кету туралы бірнеше рет ескерту жариялағанын атап өтті.

ШИЕЛЕНІС АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

“Елшіліктеріміз әскери саяси жағдайдың шиеленуісіне байланысты елден кету қажетін бірнеше рет жариялаған. Консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі тұрақты негізде өзектендіріледі. Осылайша, бүгінде Израильде консулдық есепте 122 адам, Иранда – 102 адам, Ливанда 139 адам Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломанттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайтынына назар аударғымыз келеді. Осыған байлатысты байланыс орнату, Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның барлық азаматын барған елінде консулдық есепке тұруға шақырамыз” деді Айбек Смадияров.

ЕСКЕРТУ

Сондай-ақ ол қазір Израиль, Иран және Ливанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерінен шықпауды, қауіпсіздік шарасын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды бақылауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі Қазақстанның елшіліктерімен байланыста болуын сұрады.

СІМ ресми өкілінің сөзінше, аймақтағы шиеленістерде зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.