×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АЭС референдумына Иран, Израиль мен Ливандағы қазақстандықтар қатыспайды

02.10.2024, 16:17
АЭС референдумына Иран, Израиль мен Ливандағы қазақстандықтар қатыспайды
Ulysmedia коллажы

Қазақстандағы референдум Иран, Израиль мен Ливанда болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, – дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.

Жалпы бүгін де Израильде консулдық есепте 122 адам, Иранда – 102 адам, Ливанда 139 адам Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломанттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайды.

Сыртқы істер министрлігі Таяу шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты түсінік берген еді. 

ЕЛШІЛІКТЕР ҚЫЗМЕТІ

Оның сөзінде бүгінде Ливан, Израиль Ирандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс арналары құрылып, олармен тұрақты байланыс сақталуда. Елдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті ұсыныстар берілмек. Айбек Смадияров аталған елдердегі Қазақстан елшілігі ел азаматтарына қақатығыс болып жатқан мемлекеттерден кету туралы бірнеше рет ескерту жариялағанын атап өтті.