×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Иранда барлық рейстер тоқтатылды

02.10.2024, 23:05
Иранда барлық рейстер тоқтатылды
Ulysmedia/ЖИ

Иран билігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел бойынша барлық рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕРТЕҢГЕ ДЕЙІН СОЗЫЛАДЫ

Шектеулер бір күнге созылады — яғни бейсенбі таңертеңге дейін. 

ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ ШИЕЛЕНІСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Шешім Иран-Израиль қақтығысының күрт шиеленісуі байланысты қабылданған.

Бір күн бұрын Иран Израиль аумағында 180-ге жуық баллистикалық зымыран атқан болатын. Тегеран бұл соққылар Иран Израильмен қарсыласуда қолдайтын ХАМАС және Хезболла топтарының жетекшілерінің жақында қайтыс болуына жауап болды деп мәлімдеді.

Иран басшылығы әуе кеңістігінің жабылуы аймақтағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты екенін атап өтті. Биліктің айтуынша, рейстерді уақытша тоқтату ағымдағы шиеленіс жағдайында азаматтық ұшақтар үшін тәуекелдерді азайтуы керек.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЗИЦИЯСЫ

Қазақстан бұған дейін шиеленіскен тараптарды өз еліне шақырып, мәмілеге шақырған. Осындай тәжірибені бұл жолы да қолдана ма деген сұраққа СІМ өкілі Айбек Смадияров “мұндай мәселені әлі талқылау ерте, мониторинг жасап отырмыз” деп жауап берді.

Израильде консулдық есепте 122, Иранда 102, Ливанда 139 Қазақстан азаматы тұр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайды. Осыған байлатысты байланыс орнату, Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алғалы тұр.

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның барлық азаматын барған елінде консулдық есепке тұруға шақырамыз” деді Айбек Смадияров бүгін сөйлеген сөзінде.

Шиелініске байланысты АЭС референдумына Иран, Израиль мен Ливандағы қазақстандықтар қатыспайды.