×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Көктемде тағы суға кетіп жүрмейміз бе? Су министрлігі не істеп жатыр?

03.10.2024, 10:43
Көктемде тағы суға кетіп жүрмейміз бе? Су министрлігі не істеп жатыр?
Коллаж Ulysmedia.kz

Су ресурстары және ирргация министрлігі келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықты әзірден бастағанына сендіріп отыр. Министрлік меліметінше, «Қазсушар» филиалдары елің солтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос орынды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕСКІ СУ ҚОЙМАЛАРЫ

Министрлік бүгінгі таңда Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймалары жұмысының кестесі әзірленгенін жеткізді.

Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасынан секундына 50 текше метр су жіберіліп жатса, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасынан секундына 15 текше метр, Ақтөбе су қоймасынан секундына 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр. БҚО-да Киров су қоймасынан секундына 3 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 13 текше метр су ағызылады. Дөңгелек су қоймасынан секундына 6 текше метр, Пятимарск су қоймасынан секундына 5 текше метр су жіберілуде.

«Басқа өңірлерден айырмашылығы, Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істейді. Көктемде еліміздің су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинап, еріген суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық. Бұл көлемнің 12 млрд текше метрден астамы тасқын су», – дейді Су ресурстары және ирргация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

ЖАҢА СУ ҚОЙМАЛАРЫ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жуырда тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд текше метр құрайтын 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отырғанын мәлім еткен. Одан бөлек 3,7 млрд текше метр болатын 37 су қоймасын қайта құру, 14,5 мың шақырым ирригациялық каналдарды салу мен қайта құру жоспарланған.

СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ

Су министрі сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп су тасқынын болжау және модельдеу үшін flood.garysh {ФЛУД ҒАРЫШ} ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.

Айтуынша, жоба биылғы жылдың соңына дейін іске қосылмақ.

“Ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Яғни картада құзыретті органдар ұсынатын болжамды мәндерге сәйкес келетін ықтимал су тасқыны қаупі аймағын елестету мүмкіндігі қолжетімді болады” деген еді ол үкімет отырысында.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

Еске салайық, биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын тасқындардың бірі болды. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел бойынша 19 мыңнан астам тұрғын үй қирады.

Су тасқынымен күреске 63 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкері қатысты.

Құтқару операциялары барысында 120 мыңнан астам адам, соның ішінде 40 мың бала эвакуацияланды.