×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан 2025 жылы запастағы 900-ден аса офицерді әскер қатарына шақырады

03.10.2024, 16:02
Қазақстан 2025 жылы запастағы 900-ден аса офицерді әскер қатарына шақырады
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Қорғаныс министрлігі тиісті қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес, келесі жылы запастағы 915 офицерді қызметке шақыру көзделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМДЕР ШАҚЫРЫЛАДЫ  

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Шақыру әлі қызмет өткермеген және медициналық комиссияның нәтижелері бойынша жарамды деп танылған запастағы офицерлерді қамтиды. Олар екі жылдық қызметтен өтеді әрі әртүрлі күш құрылымдарына барады.

БӨЛУ БАҒЫТТАРЫ  

Әскерге шақырылушылардың жалпы санынан 700 адамды Қарулы күштер қатарына жіберуді жоспарлап отыр, бұл ең үлкен үлесті құрайды. Екінші орында 131 офицер баратын Ұлттық ұлан тұр. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметіне 80 адам, ал Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне 4 адам жіберіледі.

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫАУ  

Қорғаныс министрлігі қаулысының жобасы көпшіліктің талқылауына шығарылды. Әр азамат 16 қазанға дейін өз пікірі мен ескертуін жібере алады.

Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар санын көбейтуге ниетті екенін хабарланған болатын.

Сондай-ақ, 2024 жылдың күзінде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылатыны белгілі.

Алайда желіде әскери қызметке қарсы жақында петиция жарияланған. Оның авторы әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін ұлғайтуды талап етеді. Петиция мәтінінде 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер бірқатар себептерге байланысты әскери қызметке дайын емес екені айтылған.