×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Жылы киініп жүріңіз: ауа-райы болжамы белгілі болды

04.10.2024, 01:40
Жылы киініп жүріңіз: ауа-райы болжамы белгілі болды
Әлеуметтік желіден

Синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының орталығында 2 градус үсік болжанып отыр

Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының тауларында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. 

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтсүтігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.