Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН – СЕНАТОРЛЫҚҚА
“Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды” делінген Ақорда хабарламасында.
Қожаевтың қызметтен кеткені туралы жарықтан кейін бірден оның жаңа қызметке барғаны жөнінде жарлық жарияланды.
Ол президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалды.
МАНСАП ЖОЛЫ
Марат Шәдетханұлы Қожаев 1964 жыл 23 ақпанда туған.
ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ІІМ академиясының заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы Ішкі істер департаменті Қаскелең ауданы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының полиция қызметкері ретінде бастап, әр жылдары Қаскелең Алматы облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеушісі, басқарма бастығы, Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары; ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы, Павлодар облысы, Астана қаласы ІІД бастығы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып келген.