Ақмола облысынан келген 63 жастағы әйел Астанадағы дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзік ұрлап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПОЛИЦИЯ ХАБАРЛАМАСЫ
Қалалық полиция департаменті ұрлықтың видеосын жариялап, дүкен иелеріне камера орнату керегін ескертіп отыр.
Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің иесі бутигінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын гауһар тасты алтын жүзік жоғалғаны туралы арыз жазды. Дүкендегі бейнетаспаны қараған Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бриллиант жүзікті Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны ұрлап әкеткен, – деп хабарлады Полиция департаменті.
ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Анықталғандай, 63 жастағы әйел адам өзіне алтын жүзік іздеп жүріп, осы дүкенге кірген. Сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, қолына тағып көрген жүзікті қалтасына басқан. Қазір тергеу жүріп жатыр.