×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

Жоғары сот кеңесінің құрамы қайта қаралады

04.10.2024, 11:41
Жоғары сот кеңесінің құрамы қайта қаралады
ашық дереккөзден

Бұл туралы Астанада өткізіліп жатқан Қазақстан судьяларының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Жоғары сот кеңесі тәуелсіз әрі кәсіби соттар корпусын құруда гарант болуы тиіс. Сонда ғана сот жүйесі құқықтың үстемдігін, азаматтар мен бизнестің құқығының шынайы қорғалуын қамтамасыз ете алады. Осы мақсатта 2021 жылы Жоғары сот кеңесінен Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы шығарылды. Ары қарай осы жұмысты жалғастырып, судьяларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары сот кеңесінің құрамын қайта қарау керек.

Халықаралық тәжірибе осындай органдарда прокуратура өкілдері болуы керектігін көрсетеді. Жоғары сот кеңесінің үйлесімді құрамын қалыптастыруды дұрыстап зерттеген абзал. Сонымен бірге, судьяларды әрдайым өз құзіретін арттырып, өз жұмысына жауапты түрде келуіне жігерлендірген жөн. Біз Жоғарғы соттың судьялардың біліктілік санатын қайтару бастамасын қолдаймыз. Соттың кәсібилігі барынша шынайы болуы тиіс. Бұл қадам судьялар корпусының кадрлық құрамының сапасын арттырар деген сенімдемін, – дейді президент.

Жоғары сот кеңесі – Қазақстан президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Жақында оның басшысы болып Дмитрий Малахов тағайындалған.