×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Өзіңді ұстай білуің керек»: Бишімбаевты соттаған судья атышулы іс жайлы әсерін жеткізді

04.10.2024, 15:52
«Өзіңді ұстай білуің керек»: Бишімбаевты соттаған судья атышулы іс жайлы әсерін жеткізді
Ulysmedia коллажы

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты соттаған судья Айжан Құлбаева судьялар съезінде елдегі ең атышулы істердің бірі өзіне қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СУДЬЯ НЕ ДЕЙДІ

– Бұл процес мені одан ары тәртіпке ие түсті. Сонымен бірге, ол бойымда бар кемшіліктерді көрсетіп берді. Мен сол кемшіліктерді түзеуді жоспарлап, сол бағытта тырысып жүрмін, – дейді судья кулуарда.

Айжан Құлбаева сонымен бірге нағыз судья қандай қасиетке ие болуы керектігі жөнінде ойын ортаға салды. Айтуынша, судьяның бойында ең алдымен, уайымға төзімділік пен табандылық болуы керек. 

– Бәрін есте сақтап, өзіңді ұстай білуің керек, – дейді Айжан Құлбаева.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Экс-министр 24 жылға сотталған. 

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Астанада судья Айжан Құлбаева шығарған. Бишімбаевтың ісін қараған судьяны қорқытқаны туралы екі істі полиция тергеп жатқаны хабарланған болатын.