Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович жекпе-жекке шықты.
Бокс кеші тікелей эфирде “Қазспорттан” көрсетілуде.
Жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберді. Жәнібек Әлімханұлының командасы қателікті көрсетіп, әрекет жасағанымен қазіргі әнұран орындалмады. Бұған аренадағы қазақ жанкүйерлері де наразылық білдірді.