×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

Бүгін, 13:03
Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов Үндістан өкілі Дипакты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келіге дейін) финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) әлем кубогы кезеңін қола жүлдемен аяқтады.