×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Маған айтқан сөзінен кейін ағыл-тегіл жыладым - Бірғаным Әйтімова Назарбаев жайлы

01.12.2021, 11:57
Фото: Ашық дереккөзден

 Білім және ғылым министрі әрі сенатор болған Бірғаным Әйтімова «Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Тұңғыш» деректі фильмінде біраз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Деректі фильмде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары жүзеге асырған іргелі істеріне қатысты үзеңгілестері мен замандастары, саясаткерлердің  сұхбаты қамтылған.

«Білім және ғылым саласында министр болдым. Біздің үкімет ауысқан кезде көңілім түсіп отырған кезде Президент қоңырау шалды. «Сен дипломатиялық жұмысты жақсы көресің. Оны білем. Соған сенің арманың да шығар. БҰҰ-ға уәкілетті ретінде жіберейін деп жатырмын» деді. Телефонды қоя салғаннан кейін жыладым. Жылағаным – жұмыстан кетіп жатқаным үшін емес, сол Нұрсұлтан Әбішұлының маған жанашырлығы, менің сезімімді біліп отырғанына және шетелге шығып бара жатқан кезде «жолың болсын» деген сөзі мен үшін үлкен өмірлік сабақ», - дейді Бірғаным Әйтімова.

Жоба 1 желтоқсан күні сағат 20:00-де эфирге шығады.

Серіктес жаңалықтары