×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бүгін – Мұғалімдер күні

Бүгін – Мұғалімдер күні
Фото: ашық дереккөз

5 қазанда Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Республикамызда қазан айының бірінші жексенбісі ұзақ уақыт бойы Мұғалімдер күні болып келді. Тек 2023 жылы тиісті қаулыға өзгерістер енгізіліп, мереке тұрақты күнге ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дүниежүзілік мұғалімдер күнін бекітуге 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен Мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция ұйытқы болды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойды. Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Оның ішінде 399 247 педагог мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді. 

Елімізде 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы қабылданды, ол педагогтердің жалақысын көтеруді, тиісті функцияларға сәйкес келмейтін жүктемелер мен тексерулерден босатуды, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды, оқу жүктемесін қысқартуды, еңбек демалысын ұзартуды және педагогтар үшін өзге де ынталандыруды белгілеуді көздейді.

Елімізде 12 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан "Үздік педагог" байқауы болады. Мәселен, биыл, 2024 жылғы байқауда 700-ге жуық педагог мемлекеттен ақшалай сыйақы алады.