Израиль әскери-әуе күштері "Хезболланың" жуырда қаза тапқан бас хатшысы Хасан Насралланың мұрагері саналған Хашем Сафиеддинді өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы “Әл-Арабия” телеарнасы Ливан қауіпсіздік қызметтеріндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Бейруттың оңтүстік шетіндегі шабуылды Израиль 4 қазанға қараған түні жасаған.
Телеарнаның хабарлауынша, әуе соққысынан кейін Сафиеддинмен байланыс үзілген. Онымен бірге оның бірнеше көмекшісі мен «Хезболла» құрамындағы дала командирлері де қаза тапты. Дегенмен ливандық ұйымның өзі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.
Еске сала кетсек, «Хезболла» ұйымының бас хатшысы Хасан Насралла 27 қыркүйекте Израильдің соққысынан қаза тапқанын таратқанбыз.