Қостанай облысында зауыт жұмысшысы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Қайғылы оқиға «БК-Строй» компаниясына қарасты кірпіш зауытында болған.
Қазір полицейлер еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«26 қыркүйекте Қостанай ауданы Садовый ауылында кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы шебер автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап кеткен, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», деп түсініктеме берді полиция департаменті.
Белгілі болғандай, ер адам ресми түрде жұмыс істемеген, оның орнына қызы «жұмыс істеген». Марқұмның артында 6 баласы қалып отыр.