×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Астаналық өрт сөндірушілер 4 адамды ажалдан арашалап қалды

Бүгін, 20:55
Астаналық өрт сөндірушілер 4 адамды ажалдан арашалап қалды
Ашық дереккөзден

Алматы ауданында Қордай көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ өрт сөндірушілері 4 адамды аман-есен құтқарып қалды.

Өрттің ерте анықталуының және қалалық ТЖД өртке қарсы бөлімшелерінің уақтылы шақыртылуының арқасында өрт даму кезеңінде сөндірілген.

ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 28 адамды эвакуациялады. 

“ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өрт шыққан пәтер қожайыны мен оның баласына психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар келген полиция қызметкерлері үйдің 3 тұрғынын эвакуациялады”, деп хабарлады ТЖМ.