×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШҚО-да мерген Ажар Төлеуқанова референдумда өз таңдауын жасады

ШҚО-да мерген Ажар Төлеуқанова референдумда өз таңдауын жасады
Фото: дереккөз

Шығыста ғана емес еліміздегі садақ ату өнерін жаңғыртып, дамытып жүрген, жас болса да әлемді өзіне қаратқан мерген ару Ажар Төлеуқанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күні кеше ғана Мемлекет басшысының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" төс белгісімен марапатталған, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының Садақ ату федерациясының қалқан мен пута нысаналары бойынша үшінші орын иегері, ҚР Қалқан нысанасы бойынша чемпионатының үшінші орын иегері, ШҚО садақ ату федерациясының президенті, садақ атудан спорт шеберіне үміткер, облыстық жарыстардың жеңімпазы, шығыстағы жас буынды садақ атуға үйретіп жүрген жаттықтырушы, ұлттық спорттың жанашыры, Глубокое ауданының тұрғыны, ибалы келін, жас ана, аяулы жар Ажар Төлеуқанова ел болашағы үшін маңызды қадамы болып табылатын АЭС құрылысына қатысты ұйымдастырылған референдумға қатысты.

Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша дауыс беруге қатысу — біздің азаматтық борышымыз! Референдумға қатысу арқылы біз өзіміздің ғана емес, бұл ұрпағымыздың болашағына тікелей әсер ететін ауқымды жоба. Мұндай шешімді қабылдағанда эмоцияларға беріліп немесе ойланбастан келіп, дауыс беруге болмайды. Біз бәріміз осы қадамның оң-терісін саралап, барлық аспектілерін зерттеп, саналы түрде шешім қабылдауымыз керек. Сондықтан еліміздің әр азаматы реферндумға қатысып, маңызды қадам жасауға өз үлесін қосуы керек, - дейді ШҚО Садақ ату федерациясының президенті Ажар Төлеуқанова. 

Ажар Рахметқызы бүкілхалықтық референдумға жанұясымен бірге қатысып, өз таңдауын жасады және әр қазақстандықты осындай жауапты, маңызды шарадан шет қалмауға шақырады.

Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.