Ақтаудағы 4А шағын ауданындағы жартас жолының аумағында ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Lada.kz сайтының жазуынша, бұл ақпаратты құтқарушылар растаған.
Өңірдің ТЖД мәліметтері бойынша, ер адамның қаза тапқаны туралы хабарлама бүгін түстен кейін, 6 қазанда, сағат 13:45-те "103" диспетчерінен келіп түскен.
Ер адам абайсызда "Русалка" мүсіндік композициясынан тастарға түсіп кеткені белгілі болды.
Марқұм туралы деректер анықталып жатыр.