Орталық референдум комиссиясы референдум учаскелерінің бәрінде дауыс беру аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аймақтық комиссиялар ертең республикалық комиссияға электронды арналар арқылы дауыс беру және санаудың алдын ала қорытындысын тапсырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректер бойынша сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы – 69,57%
Ақмола облысы – 71,03%
Ақтөбе облысы – 75,10%
Алматы облысы – 68,71%
Атырау облысы – 63,28%
БҚО – 67,03%
Жамбыл облысы – 61,28%
Жетісу облысы – 68,01%
Қарағанды облысы – 72,12%
Қостанай облысы – 73,45%
Қызылорда облысы – 82,48%
Маңғыстау облысы – 54,03%
Павлодар облысы – 65,09%
СҚО – 66,31%
Түркістан облысы – 75,31%
Ұлытау облысы – 70,69%
ШҚО – 73,79%
Астана қ.– 50,81%
Алматы қ. – 25,39%
Шымкент қ. – 70,57%
Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, республикада бүгін сағат 20.00-дегі жағдай бойынша елде 7 820 918 адам бюллетенді алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 63,87%.