×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қарағанды облысындағы өрт. Бір құтқарушы қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Қарағанды облысындағы өрт. Бір құтқарушы қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр
Фото: видеодан скрин

33 жастағы құтқарушы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылында болған дала өртін сөндіруге қатысқан еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алған күйіктерінен Хайрат Хали сол жерде қайтыс болды. Оның үш әріптесі 29 жастағы Саян Күмісбаев, 24 жастағы Олжас Әлімжан и 27 жастағы Ақмедия Серікпай түрлі күйіктермен ауруханада жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер биік шөпте өрт тұзағына түскен.

Қатты желдің әсерінен өрт өте тез таралған.

Еске салсақ, ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру кезінде 3 өрт сөндіруші мен 1 ауыл тұрғынын күйік шалып, олар Қарағандыға тікұшақпен жеткізілгенін жазған едік.