×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Магистратураға түсіремін». Алаяқ елорданың 10 тұрғынын тақырға отырғызған

07.10.2024, 17:46
«Магистратураға түсіремін». Алаяқ елорданың 10 тұрғынын тақырға отырғызған
ашық дереккөз

Астанада магистратураға түспек болған 10 тұрғын алаяққа алданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

10 жәбірленуші полицияға арыз жазған. 23 жастағы астаналық қыз оларға ақша берсеңдер елордалық университетке түсуге көмектесемін деп уәде берген. Ол университетте таныстары барын айтқан.

Клиенттерді күдікті өз достары мен таныстары арқылы тапқан. Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – делінген Астана қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Магистратураға түспен болған студенттердің 9-ы оған 700 мың теңгеден, ал біреуі 460 мың теңге төлеген.