×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Газадағы соғыстың басталғанына 1 жыл: қаза тапқандар мен жоғалғандар саны

07.10.2024, 20:20
Газадағы соғыстың басталғанына 1 жыл: қаза тапқандар мен жоғалғандар саны
Коллаж Ulysmedia

Израиль Палестинаға шабуыл бастағанына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде мыңдаған бейбіт тағдыр қиылып, үйлер үйіндіге айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап. 

ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ

Қақтығыс кесірінен 41 мың палестиналық қаза тапқан, оның көбі – бейбіт тұрғын. Газа аймағының көп бөлігі қирандыға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары бойынша жоғары комиссары Фолькер Тюрк сәуірде Газада "әр он минут сайын бір бала жараланады не өлтіріледі" деген.  Аймақта өлгендер саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. БҰҰ мәліметі бойынша, 10 мыңнан астам адам Газада қираған ғимараттар астында әлі көміліп жатыр.

ЖАРАЛЫЛАР ЖАЙЛЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, Израильдің құрлықтан және әуеден жүргізген операциясы кезінде 95 мың палестиндік жараланған.

ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ ҚАЗА ТАПТЫ

Газада 116 журналист пен медиа қызметкері қаза тапты. Бұл жөнінде Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) хабарлады.

БОСҚЫНҒА АЙНАЛҒАН ГАЗАЛЫҚТАР

БҰҰ-ның 2023 жыл соңындағы болжамы бойынша, Газа тұрғындарының 85 пайызы, яғни 1,9 миллион адам үйінен қашып, Палестинаның өз ішінде босқынға айналған.

ҮЙІНДІГЕ АЙНАЛҒАН ҮЙЛЕР

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Израиль Газа аймағындағы барлық ғимараттың жартысын құлатқан. Бұдан бөлек 360 мыңдай тұрғын үй бүлінген. Спутниктен түсірілген суреттерге қарасақ, шабуыл кесірінен кемі 53 мектеп қираған.

АШТЫҚ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР

Кешенді азық-түлік қауіпсіздігі кезеңдері классификациясына сәйкес, азық-түлік аса қат болғандықтан, Газа аймағындағы бүкіл халыққа аштық қаупі тұр.