×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қарқаралыдағы өрт өрши түсті. Ауданда төтенше жағдай жарияланды

08.10.2024, 10:18
Қарқаралыдағы өрт өрши түсті. Ауданда төтенше жағдай жарияланды
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі дала өртінің аумағы кеңейе түсуіне байланысты ауданда төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘКІМ ШЕШІМІ

Бұл туралы аудан әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің жобасында айтылған.

"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" ММ Қарқаралы ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің жобасы әзірленді, ол ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған” делінген әкімдік хабарламасында.

Құжатта Қарқаралы ауданы Шарықты және Қоянды ауылдық округтерінің аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланатыны жазылған.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Данияр Турсынбекович Омаров тағайындалды.

ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН АУМАҒЫ

Қарқаралыдағы дала өртінен 45 мың гектар аумақ зардап шеккен. ТЖМ Павлодар облысы аумағындағы дала өрт толықтай оқшауланғанын мәлім етті.

ВИДЕО

Әлеуметтік желіде Қарқаралыдағы өртте ел малын тастап қашып жатыр деген видео тараған. Видеода дала өртке оранып, айналаны қою түтін басқанын, мал жамырап қашып бара жатқанын көруге болады.

ӘКІМ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынбек әлеуметтік желіде өртке көмек көрсету, қаржы жинау бойынша түрлі үндеу тарап жатқанын, жауапты органдар ұйымдастырмаған мұндай әректтер дұрыс еместігін мәлімдеп, тұрғындарға үндеу жасады. Оның сөзінше, өртті сөндіруге күш те құрал да жеткілікті. Сарбаздардың тамағы, демалатын орны, жанар-жағанмай қамтамасыз етілген дегенге сендірген ол тұрғындарды сабырға, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

ӨРТ СӨНДІРУДЕГІ ҚИЫНДЫҚ

“Ашық аумақта алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда” делінген ТЖМ хабарламасында.

ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Қарағандыдағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.