×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Оралда төтенше жағдай режимі енгізілді

Бүгін, 16:10
Оралда төтенше жағдай режимі енгізілді
Скриншот

Орал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, полигондағы өрт 27 шілде күні сағат 14:30 шамасында басталған. Өрттің кең аумаққа таралуына аптап ыстық пен қатты жел себеп болған.

Қоқыс полигонынан тараған қою түтін Оралдың бір бөлігін басып, қаланың орталығы мен шеткі аудандарына дейін тараған. Кейбір жол учаскелерінде түтіннің қоюлығына байланысты көру мүмкіндігі төмендеген.

Өрттің аумағы 12 га құрайды. Бірақ оның аумағы қазір біршама азайған. Себебі төтенше жағдай және коммуналдық қызметкерлер өртті сөндіріп жатыр. Жалынды сөндіру үшін 45 дана арнайы көлік тартылған.