Сот қамауда ұстау мерзімін 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді, – делінген Астана сотының tengrinews.kz сайтына берген жауабында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс тергеуі аяқталған. Қазір қылмыстық іс қатысушылары іспен танысып жатыр. Содан кейін іс сотқа жолданады.
ҚҰПИЯ ІС
Бұған дейін экс-министрідің ісі «құпия» грифімен тергеліп жатқанын хабарланған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов істе "құпия" белгісі бар екенін мәлімдеген.
Себебі миллиондаған доллар кетіп, өз шешімін таппаған арбитраж істері бойынша қазір тиісті тергеулер жүргізіліп жатыр. Істер құпияланған. Мен дәл қазір нақтысын айта алмаймын. Істер бар, біз бұл істерге міндетті түрде құқықтық баға береміз, – деді Сарқұлов.
МАРАТ БЕКЕТАЕВ
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.
Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады.
Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетектішік еткені бар.