×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Антикор жемқорларды ұстап бергендерге 28,9 млн теңге сыйақы берді

09.10.2024, 12:22
Антикор жемқорларды ұстап бергендерге 28,9 млн теңге сыйақы берді
ЖИ

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Данияр Бекайдаровтың айтуынша, 2020 жылы жемқорлық туралы хабар бергендерге сыйақы беру ережесіне өзгерістер енгізілген. Жемқорлық туралы хабар берген азаматтарға қылмыскер ұсталған кездегі (айыбы сотта дәлелденсе) параның 10 пайызы беріледі. Алайда бұл сома 15 млн теңгеден асып кетпеуі керек.

Жемқорлық туралы хабар берген 76 адамға жыл басынан бері 28,9 млн теңге сыйақы берілген. Көбінесе, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстандағы департаменттеріне көбірек қоңырау түскен. Жемқорлық туралы 33 мемлекеттік қызметші алғыс хат алған.

Биыл агенттіктің жедел желісіне (1424) 20 мыңнан астам қоңырау түсті. Оның ішінле 572 хабарлама бойынша іс қозғалған. Бекайдаровтың сөзінше, қоңыраулардың нәтижеі бойынша қылмыстық істер артып келеді.

Антикор жемқорлық туралы хабар берген азаматтардың құпиялылығына уәде береді. Оның қорғалуына жауапты болады. Оларды Антикордың рұқсатынсыз мемлекеттік қызметте басқа жерге ауыстыруға тыйым салынады.