Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.
Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 33 жастағы шетел азаматын анықтады, ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрант елден мәжбүрлеп шығарылды.
Полицейлер оны әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді
Еске салсақ, бұған дейін қос азаматтығы бар Павлодар облысының тұрғыны елден қуылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтағанын хабарлаған едік.