×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаласам 60 жасымда да бала таба алам – Баян Алагөзова

10.10.2024, 21:01
Қаласам 60 жасымда да бала таба алам – Баян Алагөзова
ашық дереккөзден

Белгілі продюсер Баян Алагөзова өмірге қалай қарайтынын айтып берді. Ол қазір өзін 30 жастағы кезіндей сезінетінін мәлім етті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Мен өзімнің 30 жасым мен 50 жасымның арасынан ешқандай айырмашылық көрмеймін. Белгілі бір шеңбер ішінде ғана ойлайтын адамдарға айтарым – мұның бәрі сіздің басыңыздағы ойлар. Сіздің барлық кәрілігіңіз – басыңыздағы ойда ғана. “Осы жаста қалай бала табады екен” дегенге ұялмаймын. “Ұят қой, мынау” дейді. Бәлкім, мұндай ойлар маған мүлде жат шығар. Білмеймін, маған ұят емес. Қаласам, 60 жасымда бала таба аламын. Құдай қаласа, бәлкім екі емес, 10 жылдан кейін тағы бала тапқым келетін шығар!? Неге таппасқа? Денсаулыңызды күт, психологиялық жағдайыңды бақыла! Тар шеңберде ойлайтын болсам, бәлкім сен менен сұхбат алып отырмас едің (сұхбат беріп отырған қызына – авт.), – дейді Баян Алагөзова өзінің қызы Айсәулеге берген сұхбатында.

Бұған дейін Баян Алагөзова үшінші баласын дүниеге әкелгені хабарланған еді. Көп өтпей, тағы бір сәбиі өмір есігін алып, жаңа туған нәрестеге Алма есімі берілді. Ол әпкесі Алисадан 15 күннен кейін дүниеге келді. Тұрсын Алагөзов екеуі бала табу үшін суррогатты аналарға жүгінген.