Қыркүйек айы Украинадағы ресейлік әскерлер үшін ең өлімге толы ай болды. Бұл туралы The New York Times (NYT) газеті жазды. Ақпарат көзі ретінде АҚШ армиясының жоғары лауазымды өкілінің деректерін келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“THE NEW YORK TIMES” БЫЛАЙ ДЕЙДІ
Америкалық және британиялық сарапшылар ресейлік шығындарды тәулігіне орта есеппен 1200 адам деп бағалап отыр, бұл мамыр айында белгіленген ең жоғары көрсеткіштен сәл ғана жоғары. Сондай-ақ, басылым АҚШ-тың бағалауына сәйкес, Ресей Украинаға қарсы толыққанды соғыс бастағаннан бері 600 мыңнан астам әскери қызметкерінен айырылғанын атап өтті. Бұл санның ішінде 115 мың адам қаза тапқан, ал 500 мың адам жараланған.
УКРАИНА ШЫҒЫНЫ ҚАНША?
АҚШ-тың мәліметтері бойынша, украиндық тараптың да үлкен шығынға ұшыраған. NYT тілшісінің есебінше, Украина Қарулы Күштері 57,5 мыңнан астам адамынан айырылып, 250 мыңнан астам сарбаз жарақат алған.
АЙ САЙЫН 30 МЫҢ САРБАЗ
“Осыған қарамастан, Ресей ай сайын 25-30 мың жаңа сарбазды әскерге алады, бұл шамамен соғыстан шығып жатқан сарбаздардың санына тең”, дейді америкалық шенеуніктер.
Олардың айтуынша, бұл ресейлік армияның Украинадағы қорғаныс позицияларына қайта-қайта әскер жіберуіне мүмкіндік береді.
The New York Times деректеріне сүйенсек, қыркүйек айында Украинаға қарсы соғыста ресейліктер бұрын-соңды болмаған деңгейде шығынға ұшыраған. Газеттің дереккөзі – америкалық лауазымды тұлға – нақты санды атамаған.
Сонымен қатар, BBC-дің орыс қызметі "Медиазона" басылымы және еріктілер командасымен бірге 11 қазанға дейін Украинаға қарсы соғыста қаза тапқан ресейлік 73 мыңнан астам сарбаздың есімін анықтаған.