×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

“Қазақстан халқы мақтан тұтады“. Тоқаев Рыбакинаны құттықтады

Бүгін, 09:21
“Қазақстан халқы мақтан тұтады“. Тоқаев Рыбакинаны құттықтады
АР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент не деді?

Мемлекет басшысы қазақстандық теннисшінің бұл жеңісін үлкен жетістік деп бағалап, оның нәтижесі әлемдік деңгейдегі шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.

– Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, – делінген құттықтауда.

Үшінші «Үлкен дулыға»

US Open-2026 турнирінің финалында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді. Үш сетке созылған кездесу 6:4, 5:7, 6:2 есебімен аяқталды.

Бұл – Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атағы. Алғаш рет ол 2022 жылы Уимблдонда топ жарған еді.

2026 жылы қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде жеңіске жетсе, енді оның қатарына US Open титулын қосты.

Әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Нью-Йорктегі жеңістен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастап, әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Бұған дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен бірде-бір теннисші WTA-ның жекелей сындағы әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілмеген.