×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

Қырғызстанның қанша қарызы бар

Қырғызстанның қанша қарызы бар
Фото: akchabar.kg

«Элдик» депутаттық тобы мен «Альянс» фракциясының отырысында Қырғызстан Қаржы министрі Алмаз Бакетаев мемлекеттік қарыздың көлемін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ

24.kz мәліметінше, министр мемлекеттік қарыздың жалпы көлемі 6,5 млрд долларды құрайтынын, оның шамамен 4,5 млрд доллары сыртқы қарыз, қалғаны ішкі қарыз екенін айтқан.

Оның айтуынша, Қаржы министрлігі мемлекет ішкі несиені жылына орта есеппен 12-14 пайыз, ал сыртқы несиені 2 пайызбен алады. Ал жоғары мөлшерлемемен алынатын ішкі несиелерге көшуді министр сыртқы қарыздың шетел валютасында берілетінімен, бағамы өзгермелі және айтарлықтай өсуі мүмкін екендігімен түсіндірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда халықтың банктерге жалпы қарызы 19,2 трлн теңгеге жетті

ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ ҮШІН ВАЛЮТА САТЫП АЛАДЫ

Айырбастау бағамы мен пайыздық мөлшерлемені бірге алсақ, сыртқы қарыздар бойынша көбірек төлейтін болып шығуы мүмкін. Қарызды өтеу үшін валюта сатып аламыз. Сосын шетелге жібереміз, бұл ақша басқа елдің экономикасына жұмыс істейді. Ал ішкі несиелерді алған кезде біз өзіміздің субъектілерге: банктерге, әлеуметтік қорға және т.б. төлейміз, – деп түсіндірді министр.

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 166,7 млрд АҚШ долларына жеткен.