×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті
Фото: Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрлік көпір арнайы сынақтан өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл – Қазақстандағы ең ұзын көпір.

Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылған. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

АЛТЫ АУДАНДЫ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады, –  деп жазылған хабарламада.

Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.