Астанада 13 қазанда көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Марқұмның анасы ұлының кісі қолынан қаза тапқанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде марқұмның анасы ұлын тоғызыншы қабаттан лақтырды деп айыптады. Ол төрт адам кінәлі екенін айтып, олардың ықпалды байланыстары жауапкершіліктен құтылуға көмектесуі мүмкін деп мәлімдеді.
Бастапқыда полиция тек мәйіттің табылғаны және қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлап, тергеудің нақты бабы айтылмады. Кешкісін Астана Полиция департаменті қосымша мәлімдеме жасады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Марқұмның анасы мен басқа да тараптардың барлық дәлелдері мен мәлімдемелері мұқият тексеріледі", – деп хабарлады полиция.
Әзірге істің мән-жайына қатысты басқа да ақпараттар белгісіз.