×
492.14
528.85
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.14
528.85
5.01

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігі өңірлердегі қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар 10-нан астам топ ұсталған..

8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралар нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобын құрықтады. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды, – делінген ақпаратта.

11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топ мүшелері қолға түскен. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған. 

ҚАРУ-ЖАРАҚ, ОҚ-ДӘРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізіліп, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

Жыл басынан бері Шымкентте қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда тұр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топтар ұсталғанын жазған едік. Сондай-ақ ІІМ үш облыста бопсалаушылар ұсталғанын мәлім еткен болатын.