×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Израиль Ливанға соққы жасады: Айту ауылының 21 тұрғыны қаза тапты

Израиль Ливанға соққы жасады: Айту ауылының 21 тұрғыны қаза тапты
Фото: ANADOLU/GETTY IMAGES

Ливанның солтүстігінде орналасқан Айту ауылына жасалған соққыдан 21 адам қаза тауып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BBC-дің жазуынша, ауылды Ливанның оңтүстігінен соғыс өртінен қашып келген отбасылар паналаған, шабуылдан кейін олар тағы да баспанасыз қалып отыр.

Ауыл тұрғындарының айтуларынша, соққы жасардың алдында ешбір ескерту белгі берілмеген. Соққының жойқын болғаны сонша, қаза тапқандардың кім екенін ДНҚ тестімен ғана анықтауға болады.

Voice of Lebanon ақпарат құралының хабарлауынша, мұнда Ливанның оңтүстігінен туыстарымен бірге көшіп келген «Хезболла» ұйымының мүшесі бар болуы мүмкін.

Еске салсақ, Еуроодақ Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштеріне (UNIFIL) шабуылын айыптаған болатын. Ал Израиль премьер-министрі соғыс қашан аяқталатынын айтты.