2024 жылы Алматыда алғаш рет ATP 250 Almaty Open халықаралық теннис турнирі өтуде, бұл Қазақстан үшін маңызды спорттық шара болды. Бұл 13-20 қазан аралығында оңтүстік астанада өтетін Қазақстан тарихындағы ATP сериясының бесінші халықаралық турнирі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Асыл Мирас» аутизм орталықтарына бару Қазақстандағы ATP сериясы турнирінің жақсы дәстүріне және қайырымдылық бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Алматы турнирінің қатысушылары әлемнің 17-ші ракеткасы АҚШ-тық Фрэнсис Тиафо және АТР өткен жылғы турнирінің жеңімпазы Франциялық Адриан Маннарино Қазақстанның 12 өңіріндегі балаларға көмек көрсететін «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының жұмысымен танысты.
«Асыл Мирас» мамандары балаларға қоғамдық өмірге жақсы бейімделуге көмектесе отырып, диагностика, оқыту бағдарламаларын және отбасыларға қолдау көрсетеді. Аутизмі бар балаларға білім беруге және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алты бағдарлама жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде орталықтарда 16 мыңнан астам бала оқыды, ал олардың дағдылары орта есеппен екі есе жақсарды. «Асыл Мирас» орталықтарындағы барлық қызметтер тегін ұсынылады.
«Біз осындай маңызды іс-шарада спорт пен қайырымдылықты біріктіре алатынымызға қуаныштымыз, - депатап өтті Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. - Әлемдік теннис жұлдыздарының келуі аутизм мәселелеріне назар аудартады және қоғамның аутизм спектрінің ауытқуы туралы хабардарлығын арттырады. Бұл, әсіресе, аутизмі бар балалар ата-аналарының уақытты жіберіп алмауы үшін және АСА-ның алғашқы белгілерін уақтылы анықтауы үшін маңызды: себебі бала диагностика мен әлеуметтік дағдыларын дамыту үшін қажетті оқудан неғұрлым ерте өтсе, оның әлеуметтік өмірге сәтті бейімделу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады».
2011 жылдан бастап АСА-сы бар балалар мен оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау жөніндегі бағдарламаларды ілгерілетумен айналысатын қоғам қайраткері, «Мейірім» ерікті қоғамының директоры Аружан Саин да «Асыл Мирас» орталықтары қызметінің маңыздылығын атап өтті: «Мен «Асыл Мирас» орталықтары мамандарының жұмысымен бұрыннан таныспын және АСА-сы бар балалар мен олардыңотбасылары үшін әдіснамалық және психологиялық қолдау қаншалықты маңызды екенін білемін. Мен барлық ата-аналарды балаларының дамуы мен мінез-құлқына мұқият болуға және түзету орталықтарының көмегіне жүгінуден қорықпауға шақырғым келеді.
Қазақстанда ATP турнирлері өткізілген әржылдары «Асыл Мирас» аутизм орталықтарына НовакДжокович, Карлос Алькарас, ДаниилМедведев, Феликс Оже-Альяссим, Доминик Тим, СтанисласВавринка, Себастьян Корда және басқа да әлемдік теннис жұлдыздары келіп кетті.
2024 жылы Болат Өтемұратов қоры өзінің он жылдығын атап өтуде. 10 жыл ішінде Қор денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және инфрақұрылымды дамыту саласындағы қайырымдылық жобаларына 200 миллионнан астам АҚШ долларын бөліп, еліміздің әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосты.