×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда АЭС салуға ақша қайдан алынады

15.10.2024, 12:35
Қазақстанда АЭС салуға ақша қайдан алынады
Ulysmedia коллажы

Вице-премьер – ұлттық экономика министрлігінің басшысы Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, атом электр станциясына жобалық қаржыландыру тетігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Біз жобалық қаржыландыру схемасын қарастырып жатырмыз деп айтқым келеді. Мемлекеттің қатысуы жобаның табысты өтелуі үшін белгілі бір экономикалық жағдайлар жасау арқылы ғана болады. Бұл коммерциялық жоба, ол өз жемісін беруі керек. Бұл қаржы институттары консорциумының қатысуымен жобалық қаржыландыру болады деп үміттенеміз. Барлығы жобаны бірлесіп қаржыландырады, - дейді Байбазаров.

Оның айтуынша, келісімшартта толығымен станцияны тапсыру міндеті жазылады. Тараптардың барлық міндеттемесі мен құқығы онда нақты жазылады.  

– Тәуекелдерді барынша азайтамыз деп үміттенеміз. Бұл ұзақ мерзімді жоба, бірақ біз бұл мәселені кешіктірмеуге тырысамыз. Әлемде белгілі бір тәжірибе бар: АЭС құны қалай қалыптасады, қандай факторлар әсер етеді. Мұның бәрін егжей-тегжейлі айтып, талқылаймыз, - деді министр.

ҮКІМЕТ ШОРТ-ЛИСІ

Үкімет АЭС салу мәселесінде 4 ел – Корея, Ресей, Қытай, Франция елдерінің технологияларын зерделеп жатқанын хабарлаған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.