×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Фото: дереккөз

Сот оған 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым сала отырып, елден шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Polisia.kz мәліметінше, Ұзынкөл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 24 жастағы Қазақстан азаматының қос азаматтығы дерегін анықтаған. 

Шекарадан өту кезінде, мемлекеттік өткізу пунктіндегі тексеру барысында ол 2024 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды, бірақ бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімде – 30 күн ішінде хабарламаған.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ШАРА

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым сала отырып, елден шығару түріндегі жаза тағайындады.

Қос азаматтық жағдайларының алдын алу және анықтау үшін Қостанай облысының көші-қон қызметі түрлі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Бұған дейін елдің бірнеше өңірінде заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топтар ұсталған болатын. 

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік елден қуылғанын жазған едік. Сондай-ақ ШҚО-да 48 адам көші-қон заңнамасын бұзған.