×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Мұрнына не болған” Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы мән-жайды түсіндірді

16.10.2024, 14:31
“Мұрнына не болған” Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы мән-жайды түсіндірді
дереккөз

Марқұм Шерзат Болаттың әкесінің фотосын көргендер соңғы кезде оның көзі көгеріп, мұрны қисайғаны туралы көп айта бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған орай Ulysmedia тілшілері Қаржаубай Нұрмановтың қарындасы Перизат Нұрымовадан мән-жайды сұраған еді.

Біріншіден, суретке түскенде дұрыс ракурс ұсталмай қалған, екіншіден, оның мұрны бұрыннан қисық еді. Дегенмен, оқиға болған күні, дүкеннен қашқан кезде бетіне бөтелке тиген. Қазір сіздер бетіндегі ісігі қайтқан түрін көріп жүрсіздер ғой, оның беті бірақ ісіп кеткен суреті бар. Бет-әлпетінде сол жарақаттан қалған көгерген іздері әлі тұр – деді Перизат Нұрымова.

Тілшілердің «бұған дейін ондай белгілер байқалмаған еді» деген күмәніне ол фотоға дұрыс түсірілмегенін айтты.

Өрт болған күндері де сондай болған. Фотоға жоғарыдан түсіргендіктен, байқалмаған болуы мүмкін. Ал мұрыны бұрын, үйде әйнек қойып жатқан кезде әйнек құлап кеткенде сынған. Одан кейін ешқандай жарақат, ешқандай күш көрсету болған жоқ – деп түсіндірді Қаржаубайдың қарындасы.

Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттердің төбелесі 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған. Марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Бұрын тараған ақпараттарға қарағанда, клиент дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемей кетпек болған. Төбелес сол үшін туындаған. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт жақтастарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жыққан. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-шы сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты.

Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, «әділ тергеуге кепілдік береміз» деп ақпарат таратқан. Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді. 

Қаза тапқан жасөспірімнің әкесі бейнебақылау камерасының жазбасын әлдекімдер өшіріп тастағанын айтқан еді. Алайда ІІМ ол мәліметті жоққа шығарды. 9 қазанда депутат Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдап, 16 жасар азаматты өлтірген, жақындарын аяусыз сабаған қылмыскерлер қамауға алынып, оларға заңға сәйкес әділ жаза берілуі тиіс деп мәселе көтерді. Ал оның әріптесі Абзал Құспан қылмыстық кодекстің 201-бабын (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) өзгерту керек деп есептейді. Бұл қажеттілік оның сөзінше, Талғардағы жасөспірімнің өлімінен кейін айқын сезілген.

Ulysmedia.kz күдіктілердің бірі таяуда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеуі керек болғанын, екінші күдікті жауапкершіліктен жалтарып кеткенін анықтаған еді.

12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.

Сондай-ақ, брифинг барысында Хасанның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы туралы айтылды. ІІМ елде “Хутор” атымен белгілі ҰҚТ жоқ екенін мәлімдеген.