×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Қызылордада үздік тәжірибелік орталық ашылды

16.10.2024, 20:00
Қызылордада үздік тәжірибелік орталық ашылды

25 қазан – Республика күніне орай Қызылорда облысы Шиелі ауданында көпбейінді орталық ауруханасында аймақтағы алғашқы үздік тәжірибелік орталық ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

АЛҒАШҚЫ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Оған қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары туралы айтып, орталықтың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, академик Төлебай Рахыпбеков ізгі тілегін білдірді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков қатысушыларды мұндағы кабинеттермен және әлеуметтік-психологиялық көмек жобасымен таныстырды.

ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Үздік тәжірибелік орталық жобасы өткен жылдан бері «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда.

Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3, 6- қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылмақ. Бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады.