×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда соққыға жығылған 16 жастағы қыздың анасы үндеу жариялады

Павлодарда соққыға жығылған 16 жастағы қыздың анасы үндеу жариялады
Фото: sverigesradio.se

Павлодар тұрғыны 16 жастағы қызының соққыға жығылғанын айтып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 «ТАЛҒАРДАҒЫДАЙ ОҚИҒАНЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫНАН ҚОРҚАМЫН»

Pavlodarnews.kz жазуынша, ол Полиция департаменті мен прокуратура басшыларынан істі тергеуді бақылауға алуды сұрайды.

Әйелдің айтуынша, 5 қазанда Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің студенті баласына шабуыл жасаған.

Жасөспірім қыз бас сүйек-ми жарақатын, ми шайқалуын және беті мен бас аймағында көптеген жарақат алған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Сіздерге жүгінуге мәжбүр болып тұрмын, себебі қайғылы оқиғаның қайталануынан қорқамын. Тергеу қол қусырып отыр. Әлі күнге дейін бірде-бір куәгерден жауап алынған жоқ, оқиға орнынан бейнежазбалар бар болғанымен, тәркіленбеген. Өтініш бергеннен кейін екі апта өтті, әлі ешқандай шара қолданылған жоқ. Баламды ұрып-соққан қыз осыған ұқсас жағдайларға бірнеше рет түскен. Осы істі бақылауға алуларыңызды сұраймын, себебі колледж студенті қылмыстық әрекеттерін жалғастырып, пышақпен жүр, – деді зардап шеккен қыздың анасы бейнеүндеуде.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Ол жасөспірімді соққыға жыққан студент осындай жағдайларға бірнеше рет қатысқанын атап өтті.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің дерегінше, 16 жастағы қызға қасақана жеңіл дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттердің төбелесі 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған. Марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Бұрын тараған ақпараттарға қарағанда, клиент дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемей кетпек болған. Төбелес сол үшін туындаған. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт жақтастарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жыққан. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-шы сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты.

Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, «әділ тергеуге кепілдік береміз» деп ақпарат таратқан. Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді. 

Қаза тапқан жасөспірімнің әкесі бейнебақылау камерасының жазбасын әлдекімдер өшіріп тастағанын айтқан еді. Алайда ІІМ ол мәліметті жоққа шығарды. 9 қазанда депутат Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдап, 16 жасар азаматты өлтірген, жақындарын аяусыз сабаған қылмыскерлер қамауға алынып, оларға заңға сәйкес әділ жаза берілуі тиіс деп мәселе көтерді. Ал оның әріптесі Абзал Құспан қылмыстық кодекстің 201-бабын (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) өзгерту керек деп есептейді. Бұл қажеттілік оның сөзінше, Талғардағы жасөспірімнің өлімінен кейін айқын сезілген.

Ulysmedia.kz күдіктілердің бірі таяуда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеуі керек болғанын, екінші күдікті жауапкершіліктен жалтарып кеткенін анықтаған еді.

12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.

Сондай-ақ, брифинг барысында Хасанның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы туралы айтылды. ІІМ елде “Хутор” атымен белгілі ҰҚТ жоқ екенін мәлімдеген.