Жетісу облысында Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ҮШІН
Өңір прокуратурасының ақпаратынша, сотталғандар туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған.
ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ
Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді, – делінген Жетісу облысының прокуратурасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін Болат Мажағұлов ұсталған болатын. Сондай-ақ 700 млн теңге ұрлаған Шымкент әкімі аппаратының экс-басшысына үкім шыққан еді.