×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейде оқушыларын дәретханаға шығарып сөйлескен мұғалім жұмыстан қуылды

17.10.2024, 22:50
Семейде оқушыларын дәретханаға шығарып сөйлескен мұғалім жұмыстан қуылды
Ашық дереккөзден

Семей қаласындағы №38 мектеп-лицейде болған оқиға ата-аналардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ДӘРЕТХАНАҒА ШЫҒАРЫП СӨЙЛЕСКЕН

Семей қаласындағы №38 мектеп-лицейінің жетінші сынып оқушылары тарих пәнінің мұғаліміне сабақ барысында кедергі келтіргені үшін, мұғалім оларды әжетханаға шығарып, сөйлескен. 

ДИКТАФОНҒА ЖАЗЫП АЛУҒА ТЫРЫСҚАН

Абай облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалім басқа сыныптарда сабақ өтіп жатқандықтан, дәлізде сөйлесу мүмкін болмағанын түсіндірген. Оқушылар әжетханада әңгімелерін диктофонға жазып алуға тырысқан, ал мұғалім бұл жазбаны өшірген. Физикалық күш қолдану немесе бейәдеп сөздер айтылмағанымен, әңгіме жүргізілген орын мен жазбаны өшіру ата-аналардың алаңдаушылығын туғызды.

Бұл жағдай педагогикалық этика кеңесінде қаралып, кеңес мұғаліммен еңбек шартын бұзуды ұсынды.

БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ БОЛҒАН

Бұған дейін де мұғалімге қатаң сөгіс берілгені ескеріліп, қатаң шара қолдану қажет деп шешілген. 

ЕҢБЕК ШАРТЫ БҰЗЫЛДЫ

17 қазан күні №435 бұйрықпен мұғаліммен еңбек шарты бұзылғанын білім басқармасы растады.